Қазақстан

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Экспресс К

Бір ғасырдан астам тарихы бар мерекені тәуелсіз Қазақ елі де жыл сайын атап өтеді.

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бүгін — Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мереке орай еліміздің әр өңірінде балаларға арналған түрлі шаралар жопсары құрылған, деп хабарлайды "Экспресс К"

Бұл күнді мереке ретінде атап өту туралы түрлі дерек бар. Бұл — 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған десе, кей деректерде мұны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған деп жазылған.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Қазақпарат тілшісінің жазуынша, жалпы Қазақстан балалардың құғын қорғауға қатысты халықаралық құжаттардың барлығын дерлік ратификациялаған.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында-ақ осы мәселеге ерекше тоқталып, заңнаманы жетілдіру туралы тапсырмалар берген болатын. Соның аясында бір жылда елімізде балалардың құқығы туралы заңнамаға 83 түзету енгізілген.

Балалардың құқығымен байланысты мәселелерді елімізде Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті реттейді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бар. Бұл қызметті қазір танымал қоғам қайраткері Аружан Саин атқарып отыр.

Аталған Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бір жылда 454 мың баланың құқығын қорғауға ықпал еткен көрінеді.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

"Білім және ғылым министрлігінің назарына 454 мың баланың құқықтық мәселесі түсіп, соның бәріне біз қол ұшын беріп, реттедік. 2020 жылы 640 мың бала мектептерде тегін тамақпен қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарында 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен тегін қамтылды. Қарағанды облысында 1-2 сынып оқушылары, Маңғыстау және Ақмола облыстарында 1-сынып оқушылары түгел тегін ыстық тамақпен қамтылды. Комитет тарапынан ұйымдастырылған ең ауқымды шаруа осы деуге болады", — дейді комитет төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Құзыретті органның дерегіне сүйенсек, бүгінгі таңда республикада 23 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның 4 мыңы балалар үйінде тұрады. Жалпы ондай мекемелердің саны жылдан-жылға азайып келеді. Тек соңғы 10 жылда жетім балаларға арналған 114 ұйым қысқарған екен.

Діни дағдарысқа тап болып, террористік қаттығыстар алаңына кеткен отбасылардың балаларын қайтаруға бағытталған "Жусан" операциясы Қазақстанның бала құқығы мен мүддесіне сергек қарайтынын көрсеткен болатын. Қазір осы балалардың әлеуметтік оңалту ісіне мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отыр. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкинаның айтуынша, отанға оралған балалардың алды оқу озаты атанып, олимпиадаларда жүлде ала бастаған.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

"Жусан" арқылы келген балалардың бәрі мектеп пен балабақшаға барып жүр. Оңалтуға алынған балалардың 40 пайызы үздік және озат оқушылар қатарына қосылғанын біліп, қуанып жатырмыз. Арасында олимпиада жүлдегерлері, түрлі шығармашылық байқаулардың, спорттық конкурстардың жеңімпаздары бар екенін мақтаншыпен айтып жүрміз", — дейді ведомство өкілі.

Анықтама үшін;

Бүгінде Қазақстанда 6,1 млн. бала өмір сүреді.

Олардың ішінде — 3 млн қыз бала, 3,1 млн ұл бала.

3,4 млн бала мектепте оқиды: 1,7 млн қыз бала және 1,7 млн ұл бала.

914 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, олардың ішінде қыздардың саны — 473 мың, ұлдардың саны — 441 мың.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров