ӘЧ: Қазақстан құрамасы Норвегияға жол берді

Экспресс К

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті ойында Норвегияға жол берді, деп хабарлайды "Экспресс К" ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер буллиттен Латвияны 3:2, Финляндияны 2;1, негізгі кезеңде Германияны 3:2, Италияны 11:3 есебімен жеңді.

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВАwc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА
wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Алғашқы кезеңде қос құрама бір-біріне жиі шабуылдады. Осындай сәттердің бірінде 16-минутта қазақстандық Дмитрий Шевченко мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Бұдан кейін қос құраманың есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болды. Алайда оның ешқайсысы голға айналған жоқ.

Екінші кезеңде де құрамалардың шабуыл шебінде жиі бой көрсеткені байқалды. Десе де осындай сәттердің бірінде 27-минутта норвегиялық Томас Валькве Ольсен көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВАwc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА
wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Ойынның 41-минутында норвегиялық Стефан Эспелан өз құрамасына алға шығарды. Ал 59-минутта оның әріптесі Матис Олимб қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша қазақстандық құрама қарсыласына 1:3 есебімен жол берді. Турнир кестесінде әзірге он ұпаймен үшінші орында тұр. Ертең, 1 маусымда топтық кезеңдегі соңғы ойындар өткізіледі. Содан кейін плей-офф кезеңіне жолдама алған төрт құрама анықталады. Олардың қатарынан Қазақстан құрамасы да табылуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров