Қытай вакцинасы Қазақстанға жетті

Экспресс К

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Қытайлық CoronaVac вакцинасының бірінші партиясы Алматыға келді,-деп хабарлайды "Экспресс К".

Арнайы бортпен бұл екпенің 500 мың дозасы жеткізілді. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, пандемияға қарсы күресте CoronaVac вакцинасын алғызуға қол жеткізу қытайлық серіктестермен жұмыс істеудің жемісі дейді.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

СoronaVac вакцинасын Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған. Енді тұрғындарға егіп жатқан QazVac, Спутник-v мен Hayat-Vax қатарын толықтырады.

Әкімдік таратқан мәлімет бойынша, қытайлық екпенің екінші компоненті 14-28 күн аралығында салынады. Вакцина +2+8 ауа температурасында сақталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров