Маусым айында тағы 2 млн доза вакцина жеткізіледі

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Елімізге маусым айында COVID-19 вакцинасының қосымша 2 млн дозасын әкелінеді деп күтілуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды «Экспресс К»

Бүгін "CoronaVac" вакцинасының 500 мың дозасы алынды. Осылайша, бұдан былай Қазақстанда 4 түрлі вакцина қолжетімді болады

деді Цой бүгінгі Үкімет отырысында.

Алайда министр ел азамматарына маусым айында қандай вакцина алуға болатынын нақтыламады.

Оның келтірген дерегінше, бүгінгі таңда вакцинаның шамамен 3,2 млн дозасы пайдаланылды.

"Егу пункттерінде вакциналардың жеткілікті мөлшері бар: шамамен 330 мың бірінші компонентке және 711 мың екінші компонентін алатындар үшін",-деп атап өтті ведомство басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан халқына COVID-19-ға қарсы вакцинация ектіру 1 ақпанда басталды. Бастапқыда Қазақстанға әкелінген ресейлік "Спутник V" вакцинасы пайдаланылды. Ал, 23 ақпанда вакцинациялау процесіне Қарағандыда өндірілген ресейлік препарат қосылды.

Сондай-ақ 26 сәуірден бастап халықты отандық "QazVac" екпесімен вакцинациялау жүзеге аса бастады. Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьютор БАӘ-де өндірілген қытайлық "Sinopharm" компаниясының вакцинасы сатып алынды.

Коронавирусқа қарсы вакцина 18 жастан асқан және қарсы көрсетілімдері жоқ барлық азаматтарға тегін жасалады.

Бүгінгі таңда ел халқы 18,9 млн адамнан асады, оның 10 млн — нан астамы коронавирусқа қарсы екпе алуға қабілетті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров