Елдегі 7 440 мектептің тек 6%-і ғана күзет ұйымдарымен шарт жасаған

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еліміздің Ішкі істер министрлігі білім беру органдарымен бірлесіп мектептерді толық зерттеп-қарауды жүргізіп жатыр.

Тексерулердің алғашқы нәтижелері туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Министр Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша республикадағы 7 440 мектептің тек қана 434-і (немесе 6%) күзет ұйымдарымен шарт жасасқан.

Білім беру ұйымдарында көбіне бейнебақылау жүйесі белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді, жедел дабыл қағу жүйелерімен жабдықталмаған, турникеттер орнатылмаған, кіре берісте қажет металл іздегіш құрылғылар мүлде жоқ.

ІІМ басшысы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының басында террористік тұрғыдан осал объектілерге терроризмге қарсы қорғаудың жаңа талаптарын бекіткенін атап өтті.

Бұдан басқа, білім беру ұйымдарына алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі әзірленді. Бұл — қару-жарақ, пышақтар, кастеттер, жарылғыш құрылғылардың имитаторлары, аэрозольдық бояулар, пиротехникалық құралдар және газ баллондары. Мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке күзет ұйымдарына қосымша біліктілік талаптары енгізіледі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын тиімді қорғау мақсатында Министр Ерлан Тұрғымбаев Үкіметтің қарауына жеті ұсыныс енгізді, оларды іске асыру балаларды тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соның ішінде Алматы облысының Шарын шатқалдарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында оқушылардың демалыс орындарына және балаларды сауықтыру лагерьлеріне ұжымдық шығуы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі айтылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров