Тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Түркістан облысында жер телімін алып беремін деп тұрғындардан миллиондап ақша сұрап, артынша уәдесінде тұрмаған алаяқ ұсталды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды "Экспресс К".
Жәбірленушінің айтуынша, 2020 жылдың тамыз айында сырттай танысы "Рысқұлов ауылының ішінен жер алып, заңдастырып беремін"- деп әбден сендіріп, алаяқтық жолмен 1,7 миллион теңгесін алған. Алайда арадан бір жылдан астам уақыт өтсе де не жерін, не ақшасын ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.