Пышақ жарақатынан ер адам қайтыс болды


Pxhere
Жезқазғанда 38 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Ал, оны өлтірген күлікті ұсталды, деп хабарлайды «Экспресс К».
Polisia.kz сайтының жазуынша оқиға осыдан 3 күн бұрын түн ауа болған. Жезқазған ПБ-на жедел жәрдем бригадасынан 38 жастағы ер адамды медициналық пунктке ауыр пышақ жарақатымен жеткізгені туралы хабарлама түсті. Дәрігерлер жәбірленушіні құтқара алмады — бірнеше сағаттан кейін есін жимастан қайтыс болды.
Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция ротасының отряды келді. Куәгерлер полицияға күдіктінің сыртқы белгілерін сипаттап берді. Жедел-іздестіру кезінде көшеде полицейлерді байқап, белгісіз адам қашып кетуге тырысқан. Санаулы минуттан кейін ол ұсталып, Жезқазған қаласының ПБ-на жеткізілді. Ұсталған 45 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындап, жәбірленушіні жанжал кезінде пышақтап тастағанын түсіндірді.
ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.