Қаржы орталығына 800 компания тіркелді

Диас АЛТАЙ

aifc

«Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялар саны 800 ге жетті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Осылайша бұл ұйымға қатысушылардың саны артып отыр. Қазіргі уақытта АХҚО-да 53 мемлекеттік компаниялары тіркелген. Олардың қатарында Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Рейсей, Эстония, Латвия, Италия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Үндістан, БАӘ, Түркия және басқалар бар.

-"Бүгін біз тағы бір жетістігімізді — АХҚО қатысушыларының саны 800 компанияға жеткенін атап өтудеміз. Бізбен жұмыс істеуге шешім қабылдаған компаниялар АХҚО артықшылықтарын, соның ішінде ағылшын құқығы мен салықтық жеңілдіктерді, сондай-ақ шетелдік инвесторларды қорғауды қолдана отырып, өз бизнесін дамытуға ұмтылады. Біз іскерлік белсенділік пен өңірге инвестицияларға жәрдемдесуге бағытталған инфрақұрылымды құру бойынша күш-жігер жұмсауымызды жалғастырамыз" — деді, АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры Мұхтар Бөбеев.

2020 жылдың қазан айынан бастап АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті тіркеу рәсімдерін толығымен цифрландырды. Яғни бұрын тіркеу процесі 3-5 күн уақыт алса, енді 1 тәулік ішінде құжаттарды толық рәсімдеуге мүмкіндік бар. Тіркеу рәсімдерімен бірге кейбір реттелетін қызмет түрлерін лицензиялау рәсімдері, финтех компанияларын аккредиттеу және лицензиялау рәсімдері цифрландырылды.

Айта кетейік, "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушылары банк, сақтандыру, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру, кредиттік рейтингтер, заңгерлік кеңес беру, бухгалтерлік есеп, холдингтік компаниялар қызметтері және басқа да көптеген салаларда өз қызметтерін атқарады

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров