Түркістан облысын дамыту қалай жүзеге асырылады?

Экспресс К

primeminister.kz

Үкімет отырысында Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды.

Премьер-Министр Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді шараларын белгіленген мерзімде әрі, сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Асқар Мамин Түркістан облысын кешенді жұмыстар облыстың дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Халық сумен жабдықтау қызметтерімен 100%, газбен жабдықтау қызметтерімен 85,4% қамтамасыз етілетін болады. АӨК саласында бес жыл ішінде 100-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл жалпы өнім көлемін 729 млрд-тан 1,3 трлн теңгеге дейін арттыруға және еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бес жыл ішінде 5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй, 130 жаңа мектеп, 10 денсаулық сақтау нысанын, рухани-мәдени орталық және басқа да әлеуметтік сала нысандарын салу жоспарланған", -деді ол.

Айтуынша, өңірде көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асырылады.

"Түркістан, Шымкент және Ташкент қалаларын байланыстыратын жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу, Түркістанда жаңа теміржол және авто вокзалдар салу жоспарда бар. Аталған шаралар жалпы өңірде өнеркәсіп көлемін 35%-ға, еңбек өнімділігін 52%-ға арттыруға жол ашады", -деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ туристер ағыны жылына 1,2 млн-нан 2,5 млн адамға дейін артып, кемінде 40 мың жаңа жұмыс орны құрылады деп күтіледі.

Кешенді жоспарды іске асырудың 5 жылы ішінде 3,6 трлн теңгеге 142 іс-шара орындалады. Түркістан облысының экономикасы 5 жылда 1,5 есе өседі

деді Мамин.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров