Қазақстанда балалар үйінің қатары азайды

Экспресс К

pixabay

Үкімет отырысында бүлдіршіндер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері айтылды.

Соңғы 3 жылда балалар үйінде тәрбиеленушілер саны 32%-ға азайған. Демек бұған дейін 6223 жетім бала болса, ол бүгінде 4254-ке қысқарған. Онымен қоса 138 балалар үйі қазір 96-ға дейін азайыпты. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді дейді, "Экспресс К" тілшісі.

Жетім балаларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметі, оларды аккредиттеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ әлеуетті асырап алушы ата-аналарды міндетті даярлау рәсімдері реттелген. Сондай-ақ бала асырап алушы ата-аналар мектептері жұмысының нәтижесінде балалар үйлеріне қайтарылған жеткіншектердің де саны азайғаны белгілі болды.

"Аталған шараларды енгізу балалар үйінде тәрбиеленетін балалар санын азайтуға, сондай-ақ балалар үйлеріне қайтарылған жеткіншектердің санын төмендетуге мүмкіндік берді. Республикада 23 063 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, олардың 81,5%-ы асырап алушы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр", — деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігі сонымен қатар инклюзивті білім беруді дамыту үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың құрдастарымен қатар жалпы білім беретін мектепте оқуына жағдай жасалып келеді. Бұл бағытта министр біраз жаңалықтар болатынын атап өтті. Соның ішінде биыл ерекше қажеттіліктері бар балаларды жан басына қаржыландыру өседі. Бұл балалардың басым бөлігін инклюзивті білім берумен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биыл мектептерде алғаш рет педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Олар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров