Араға 12 жыл салып елімізде жаңа горссмейстер пайда болды

Экспресс К

Жансая Әбдумәлік / David Llada

Гибралтарда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-приде сәтті өнер көрсеткен Жансая Әбдумәлік ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды, деп хабарлайды "Эскпресс К" тілшісі.

Қазақстандық шахматшы халықаралық ер гроссмейстер атағын алды.

Турнир көшбасшысы Жансая Әбдумәлік бір күн бұрын ресейлік Валентина Гунинаны жеңіп өзінің позициясын нығайтты. Сонымен қатар, Әбдумәлік Гран-при кезінде гроссмейстерлік көрсеткішін 2500-ге жеткізді.

Ура! Мен ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстермін.

деп жазды шахматшы өзінің Facbook парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық гроссмейстер атағы оған үш жыл бұрын берілген болатын, бірақ қазір ғана тиісті рейтингке қол жеткізгеннен ол мойындады. Әйелдер арасындағы шахмат турнирі ертең аяқталады.

Айту кету керек бұл жетістікке Қазақстаннан соңғы рет 2009 жылы Ринат Жұмабаев жеткен еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров