Жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды

Экспресс К

Бейнеден кадр

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды, деп хабарлайды «Экспресс К». Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Табылған сөмке полиция қызметкерлеріне табысталды. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Қазіргі күні туристер жоғалған аумақта "Қазавиақұтқару" мекемесінің 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалуда. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған үш турист аман шықса, екеуінің денесі табылған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров