Әлем бойынша алғаш рет H10N3 құс тұмауын қытай азаматы жұқтырған

Экспресс К

pixabay

Құс тұмауының h10n3 штаммын жұқтырған 41 жастағы ер адам Чжэнцзян қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды «Экспресс К».

Ол сәуір айының соңында суық тигізіп, ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Медициналық тексерістер нәтижесінде бір айдан кейін оған H10N3 диагнозы қойылған.

Қытайдың денсаулық сақтау қызметі бұл вирустың кең ауқымда таралу қаупі әзірге аз деп мәлімдеп отыр. Ал ауруханаға жатқызылған ер адамның жағдайын қазіргі уақытта тұрақты деп бағалады.

ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы H10N3 құс тұмауын жұқтырудың бұл алғашқы жағдайы екенін атап өтті. Айта кету керек, осыған ұқсас вирус жұқытрғандар Қытайда 2016 жылдың аяғында — 2017 жылдың басында тіркелген. Ол құс тұмауының H7N9 вирусы болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров