Елордалық құтқарушылар бүлдіршіндерді құттықтады

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаменті балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп жазады «Экспресс К» тілшісі.

Қалалық саябақта өткен ойын-сауықта балалар бір сәтке өздерін құтқарушы, өрт сөндіруші, сүңгуір және кинолог ретінде сезінді.

Мерекелік жиын барысында құтқарушылар балалар мен олардың ата-аналарына жазғы демалысты қауіпсіз өткізу керектігін еске салды. Себебі іс-шараны өткізудің басты мақсатының бірі — балалардың жарақат алу мәселесіне назар аудару және оларды кез келген төтенше жағдайдан қорғау және соған дайын болу.

Іс-шараға өткен жылдан бастап ҚР ТЖМ қамқорлығына алынған "SOS" қалашығының балалары арнайы қонақ ретінде қатысты. Былтырдан бері өрт сөндіру қызметі өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар үшін түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Олар "Құтқарушы" спорт кешенінде бассейнге бірге түсіп, ойын залдарында тұрақты жаттығу өткізеді.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бүгінгі бүлдіршіндер кинологиялық қызметкерлердің, құтқарушы-сүңгуірлердің көрсетілімін тамашалап, өрт сөндіру техникаларымен, жабдықтарды қолмен ұстап көрді

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Айта кетейік, қалалық Төтенше жағдайлар департамент 24 мамыр мен 1 маусым аралығында 4 кезеңнен тұратын "Қауіпсіздік балалар көзімен" атты ауқымды акциясын жүргізген болатын. Бүгін акцияның төртінші кезеңі өтті. Акцияның алғашқы үш кезеңі балалар мен ата-аналардың қатысуымен әлеуметтік желілерде сауалнама, викториналар, ойындар жүргізу арқылы ұйымдастырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров