Өзен жағасынан екі әйелдің денесі табылды

Экспресс К

© СС0 / Наталья КОЛЛЕГОВА

Екі әйелдің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Ақмола облысында Шағалалы өзенінің жағасынан екі әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Экспресс К" өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Sputnik.kz тілшісінің жазуынша 29 мамырда Көкшетау полициясына теміржол саяжайы аумағында екі әйел Шағалалы өзеніне қарай кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер саяжайдан шығысқа қарай 10-15 метрде орналасқан Шағалалы өзенінің жағасынан екі әйелдің мәйітін тапты. Олар Ақмола облысының 39 және 42 жастағы тұрғындары.

Алдын ала сараптама жүргізу кезінде олардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ.

делінген хабарламада.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Марқұмдардың денесі өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров