Қазақстан

Тәжікстаннан қосымша 300 млн. м3 астам су келеді

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Биылғы жылы Сырдария өзенінің бассейніндегі су тапшылығына байланысты күрделі жағдайы қалыптасты.

Экология министрлігі Тәжікстаннан қосымша 300 млн. м3 астам суармалы су келетінін хабарлайды, деп жазады "Экспресс К" аталған ведомстваға сілтеме жасап.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Душанбе қаласында Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрі Д. Джумамен кездесу өткізді. Екі жақты кездесуде тәжік тарапымен "Бахри Точик" су қоймасынан биылғы жылғы маусым-тамыз аралығында 315 млн. м3 суды қосымша алу туралы уағдаластыққа қол жетті.

ҚР ЭГТРМҚР ЭГТРМ
ҚР ЭГТРМ

Бұл көлем Түркістан және Қызылорда облыстарында вегетациялық кезеңде су тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

"Түркістан және Қызылорда облыстарының қажеттіліктері үшін Сырдария өзені бассейніндегі су жағдайының қиындығын ескере отырып, тәжік тарапы Қырғызстан Республикасы Тоқтоғұл су қоймасынан ағызатын су көлемінен басқа, маусымнан тамызға дейін "Бахри Точик" су қоймасынан қосымша 315 млн.м3 су жеткізуге келісті. Қазақстан өз кезегінде Тәжікстанға "Бахри Точик" су қоймасының қосымша жұмыс істеуінің теріс салдары туындаған жағдайда материалдық-техникалық қолдау көрсетеді", — деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров