Тұрғын үйдің бірінде жарылыс болып, ер адам көз жұмды

Экспресс К

ТЖД

Жарылыс болған пәтерде ер адамның денесі табылды.

Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болды, деп хабарлайды "Экспресс К" жергілікті ТЖД-не сілтеме жасап.

Төтеншеліктердің айтуынша, оқиға бүгін болған. Кешқұрым сағат 19:57-де Қарағанды қаласы Гоголь көшесі 57 мекен жайы бойынша тұрғын үйде газ баллоны жарылғандығы туралы хабар келіп түскен.

Қайғылы жағдай бес қабатты тұрғын үйдің екі бөлмелі пәтерінде болған, аброй болғанда өрт шықпаған. Газдың қатты жарылғандығы соншалық пәтердің ішкі бөлме қабырғалары қираған, ал негізгі құрылымна зақым келмеген. Оқиға орнында ер адамның мәйіті табылып, оның кім екендігі анықталып жатыр. Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары сол подъезден 10 адамды эвакуациялады, делінген ведомствоның хабарламасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров