Дауыл салдарынан ондаған үйдің шатырына зақым келді

Экспресс К

ТЖД

Шымкентте алай-дүлей болған дауылдың салдарынан бірнеше ғимарат шатыры мен көліктерге зақым келді. Қазір қираған шатырларды орнына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Экспресс К" қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖДТЖД
ТЖД

"1 маусымда болған желдің жылдамдығы секундына 26 метрге дейін соқты. Желдің салдарынан қала бойынша үш коммерциялық нысанның, 5 көпқабатты тұрғын үйдің, екі білім беру нысанының шатыры қирады. Барлығы 3223 шаршы метр ғимараттың шатыры бұзылды, алты автокөлік зақымданды, 2016 жылы туған бала зардап шекті", — делінген хабарламада.

ТЖДТЖД
ТЖД

Қатты желдің салдарынан бірнеше шағын аудандарда электр қуаты өшіп қалып, сағат 22:18-де қалпына келтірілді.

Төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Департаменттің жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

делінген хабарламада.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров