ДДСҰ Қытайдың Sinovac вакцинасын бекітті

Экспресс К

©️ЭК/Валерий Калиев

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайдың коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасын қолдануды мақұлдады.

Бұл Sinopharm-нан кейін ДДСҰ рұқсат берген қытайлық екінші екпе деп хабарлайды ЭК Би-би-си ақпаратына сүйеніп.

Оны бірнеше ел қолладып та үлгерген. Және ол 18 жастан жоғары адамдарға арналған.

Бұл вакцина екі рет егіледі. Екіншісі екі-төрт аптадан кейін салынады. ДДСҰ-дағылардың айтуынша, осы мақұлдау вакцинаның қауіпсіздік, тиімділік және өндірістің халықарлық стандарттарына сай екенін білдіреді.

Зерттеу барысында Sinovac-тың екпе жасалғандардың жартысынан астамының ауру белгілерін кетірген. Ал симптомдары ауырлардың барлығы ауруханаға жатқызылыпты.

Вакцина Қытайдан бөлек Чили, Бразилия, Индонезия, Мексика, Тайланд және Түркияда енгізіліп қойған. Мамырдың аяғына дейін оның 600 миллион данасы салыныпты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров