Маңғыстаулық көпбалалы ана ата кәсіпті қолға алған

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылының тұрғыны, көпбалалы ана жылқы бағады, деп хабарлайды «Экспресс К»

Бейнеу ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, көпбалалы ана шамалы уақыт бұрын, "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы" аясында мемлекеттен төменгі пайыздық мөлшермен несие алған. Жолдасы темір жол саласында еңбек ететін Тойгүл Аманқосқызы, "Алты балам бар. Барлығы мектеп жасында, соларды еңбекке баулып, ата кәсіптің қыр-сырына үйретсем"-дейді.

Тойгүл мал шаруашылығын дамыту үшін 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша 4 пайызбен несие алып, ол қаржыға 10 жылқы сатып алды. Қазір жылқылардың басы 17-ге жеткен.

Мал шаруашылығымен айналысуды мақсат еткен отбасы, алдағы уақытта ет, қымыз сияқты табиғи өнімдермен ауыл, аудан тұрғындарын қамтымақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров