Әскери институт жеке құрамы жаздық оқу кезеңіне әзір

Экспресс К

ҚР ҚМ

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында оқытудың жазғы кезеңі басталды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Әскери оқу орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу жылының жаңа кезеңі дәстүр бойынша алғашқы мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағынан басталды. Мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы жауынгерлік әзірлік бағдарламасына енген пәндердің қатарында айрықша маңызға ие. Әскери қызметшінің сана-сезімін сілкіндіріп, бойына қазақстандық патриотизм тұрғысындағы тәрбие беретін бұл пән әрқашанда маңызды болған.

Сонымен қатар Институттың жеке құрамымен "қарапайымнан күрделіге" қағидаты бойынша тактикалық-саптық сабақтары өткізілуде.

ҚР ҚМҚР ҚМ
ҚР ҚМ

Бұл сабақтар алдымен, батальондар мен кафедраларда, әрі қарай институт деңгейінде, содан кейін жалпы әскер түрлері деңгейінде өтеді. Әрі қарай Қарулы Күштер ауқымында өту жоспарлануда.

-Әр буындағы командир қарамағындағы жеке құрамның жұдырықтай жұмыла білуін қамтамасыз етуге тырысты. Басты назарда жеке құрамның сапқа уақытылы тұруы, белгіленген әрі тиесілі қару-жарақ, дүние-мүлік, арнайы жабдық тәрізді қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі, іс-қимылды айқындайтын құжаттар, жоспар кестелерінің бақылануы мен пысықталуы болды. Бұл бейбітшілік кезінде әскери қызметшілерге жүктелетін аса маңызды жауынгерлік міндет, — деді әскери оқу орынның басшысы генерал-майор Дулат Адырбеков.

Жалпы алғанда, оқу және тәжирибе жинақтау кезінде сайдың тасындай іріктелген офицерлеріміз, сержанттарымыз, курсанттарымыз соғыс жағдайына, лаңкестік оқиғалардың алдын алуға бейімделеді.сондай-ақ өздерінің кәсіби деңгейлерін шындай түседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров