Ұлттық банк тұрғындарға ескерту жасады

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

ҚР Ұлттық банкі тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырды деп хабарлайды «Экспресс-К».

Соңғы уақытта Ұлттық банк атынан хабарласып, азаматтардың ақшасын жымқыру үшін жеке мәліметтерін сұрайтын алаяқтар көбейген.

"Ұлттық Банк жеке тұлғаларға ақша аударымдарын жасаумен айналыспайды. Ұлттық банкте есеп-шот ашуға тек екінші деңгейлі банктер және шектеулі заңды тұлғалар ғана құқылы" делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сондықтан Ұлттық банк өкілдері ақша аударуды сұрап хабарласатын жасырын қоңыраулар мен күмәнді электронды хаттарға мән бермеуді және жауап қатпауды ескертеді. Егер Ұлттық банк атынан хабарласқан алаяқтар болса құқық қорғау органдарына шағымдануға болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров