Маңғыстау облысында мал жаппай қырылып жатыр (Видео)

Оскар БЕК

facebook.com/torekenov.torekenov

Соңғы үш айда бұл өңірде 1400 бас мал қырылған.

Биыл жаңбыр жоқ, далада төрт түлікке талғажау болатын шөп шықпады. Соның кесірінен шаруалар мал азығын қымбатқа сатып алуға мәжбүр, деп хабарлайды "Экспресс К"

Жығылғанға жұдырық, енді, құдықтағы жер асты сулары да тартыла бастаған. Осыған байланысты шаруалар аймақта төтенше жағдай жариялауды сұрайды.

facebook.com/torekenov.torekenovfacebook.com/torekenov.torekenov
facebook.com/torekenov.torekenov

БШаруалар мұндай қуаңшылықтың көптен болмағанын айтады. Бұрын жылқыларын қыста ғана жемдейтін ол қазір жыл 12 ай бойы жем-шөп беруге мәжбүр. Себебі далада шөп жоқ, сондықтан арам өледі деп алаңдайды. Ал, басқа өңірлерден тасымалданатын азықтың бағасы шарықтап тұр. Бір қап кебек — 2000, көлемді орам шөптің біреуі — 16 000 теңге тұрады.

Биыл аймақта қуаңшылықтан жылқының 15 пайызы, қойдың 14 ал, түйенің 4 пайызы шығын болды. Ал былтыр 5 мың мал қырылған. Енді қалғанын аман алып қалу үшін, бұлақтардың көзін ашу керек екен.

Көзкөрген малшылар қазіргі жағдайды "жұт" деп бағалайды. Сондықтан, олар төтенше жағдай жариялауды сұрайды. Үкімет жанынан құрылған жұмыс тобы енді бір шешімге келмек.

Төтенше жағдай жарияланбаса біз малды түгелдей қырып аламыз деген уәждер айтылды. Шынында да қазіргі жағдай соған келіп тұр. Жұмыс тобы барлық кездесулердің қорытындысы бойынша арнайы ұсыныстар дайындап үкіметке береді

деді мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Жем-шөп сатып алу үшін облыстық бюджеттен 117 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарынан мал азығы әкелінеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров