Ақтөбе

Чемпионға оқ атқандар жазадан жалтарып кетуі мүмкін бе?

Диас АЛТАЙ

Дәулет Хайролла

Ақтөбеде кісі қолынан қаза тапқан каратэден Азия чемпионы Дәулет Хайролланың туыстары тергеуді қайта жүргізуді талап етті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Олар тек жалғыз адамға қатысты іс қозғалып, қалған кінәлілер жауаптан жалтарып кетті деп ашынды.

"Үш бала Дәулетті ұрған. Соттың сараптамасы бар. Егер де қасындағы адам "ат, ат" деп айтпаса, мүмкін ол бала атпас па еді. Сондықтан біз ол адамды да іске тартуды талап етеміз. Жалғыз бір адамның қолынан болып тұрған жоқ. Соған қатысты адамдардың бәрінің жазасын беруді өтінеміз", — дейді марқұмның әпкесі Жадыра Айтжанова.

18 жастағы Дәулеттің өліміне қатысты бүгін сотқа дейінгі тыңдалым өтті. Ұлынан айырылған қаралы отбасы тергеуге көңілі толмай, істі кері қайтару туралы талаптарын айтты. Өйткені, сотталушы ретінде тек марқұмды атқан жігіт қана танылған. Ал Дәулетті соққыға жығып, атуға бұйрық берген қасындағы екі сыбайласы осы күнге дейін тек куәгер ретінде жауап беріп келіпті.

Естеріңізге салайық, осыдан бес ай бұрын каратэден Азия чемпионы үш жігітпен төбелесіп қалған. Спортшыға шамасы келмейтінін түсінгендер оған оқ атқан. Дәулет ауруханаға барар жолда көз жұмды. 18 жастағы Дәулет Қайролла каратэден еліміздің үш дүркін кубогын иеленген. Былтыр өзінің жеке спорт мектебін ашып, бапкерлікке бет бұрыпты. Ал, оққа ұшардың алдында Қазақстан чемпионатына қатысуға дайындалып жүрген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров