Үкімет бірқатар өкілеттіктерді министрліктерге береді

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Парламент мәжілісінің депутаттары үкіметтің бірқатар өкілеттіктерін министрліктерге беру жөніндегі заңдағы түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады "Экспресс К"

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, заң жобасында 94 функция қайта бөлінеді, оның 89 — ы үкіметтен министрліктерге, 5-еуі жергілікті атқарушы органдарға берілмек.

"Атап пайтқанда төрт мемлекеттік орган — экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ІІМ, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, қорғаныс министрлігі қосымша өкілеттіктерге ие болады", — деді министр.

Жобаны жүзеге асыру қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров