Мас жігіттер ерлі-зайыптыны соққыға жықты (видео)

Оскар БЕК

Бейнеден кадр

Алматы облысы, Қасымбек ауылында ащы суға тойып алған үш жігіт өздеріне ескерту жасаған ерлі-зайыптыны соққыға жықты, деп хабарлайды "Экспресс К".

Соққыдан жарақат алған жәбірленушілердің айтуынша, үш жігіттің бірі шарбақ тұсына дәрет сындырған. Соған ескерту жасағаннан кейін, сөз қайтарып бірден атыла кеткен көрінеді. Салдарынан отағасының миы шайқалып, оған араша болған әйелінің ерні жырылған.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Зәбір көргендер Полиция департаментіне арыз жазды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша тіркелді.

Тексеріс кезінде осы ауылдың 22-24 жастағы үш тұрғыны ұсталды. Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-тармағы — "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

дейді полицейлер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров