Қызылорда

Суға батып кеткен екінші баланың денесі табылды

Экспресс К

ТЖД

Қызылордада Сырдарияға суға батып кеткен екінші баланың денесі табылды, деп хабарлайды «Экспресс К»

Оқиға 1 маусымда Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде болған. Дарияға шомылуға барған екі бала суға батып кеткен. Олардың бірінің денесін сол маңда жүрген балықшы жағаға алып шыққан. Ол бала 2008 жылы дүниеге келген жасөспірім екені анықталды.

"Екінші баланы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары сол күні іздестірді. Іздеу нәтиже берген жоқ. Іздестіру шаралары бүгін, 2 маусымда жалғасты. Баланың денесі сағат 9.04-те өзі суға түскен жерден 100 метрдей қашықта су астынан табылды", — деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров