Иранда әскери кеме суға батып кетті

Диас АЛТАЙ

news-mt

Иранның оңтүстігінде әскери кеме суға батып кетті, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Mehr. агенттігінің мәліметінше Khark деп аталатын ең ірі әскери кеме бортында өрт болған. Бұл әскери техника бірнеше күн бұрын халықарылық суларға жүзіп шыққан екен. Ал ішінде әскерге енді қабылданған жас жауынгерлер болыпты.

От тұтанған сәтте сарбаздар бірден эвакуацияланған. Олар Иранның оңтүстігіндегі Жаск портына жеткізілді. Ал отты сөндіруге бірнеше қызметтер жұмылыдырылғанымен, кеме суға батып кетті.

Иран әскери-теңіз күштері өкілдерінің мәліметінше, бұл кеме осы салада қосымша әрі оқу-жаттығу өткізу үшін 40 жылдан бері пайдаланылып келген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров