Ителгі балапаны қайдан келген?

Экспресс К

facebook / Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекция

Бірақ ол күйкентайдың балапаны болып шықты. Қызылордада өндіріс орындарының бірінде ителгіге ұқсас құстың балапаны табылды.

Шиелі кентіндегі цемент шығаратын өндіріс алаңынан жұмысшылар ителгіге ұқсас құстың балапанын байқап, қамқорлық жасады. Ол ұяластарынан жеке дара ажырап қалса керек, деп хабарлайды Экспресс К.

facebook / Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекцияfacebook / Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекция
facebook / Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекция

Балапанды тапқан жұмысшылар бірден тиісті мекемелерге хабар берген. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы балапанды қарап, сараптама жасады.

Оны тапқан жұмысшылар ителгі деп бізді шақыртты, бірақ жүргізген сараптама жұмысы оның күйкентай балапаны екенін анықтап берді. Күйкентай қызыл кітапқа енбесе де, ерекше қорғауда болуға тиіс.

дейді мамандар.

facebook / Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекцияfacebook / Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекция
facebook / Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекция

Балапанға еш зақым келмеген, тек ұядан құлап кетсе керек. Сол аумақтан құстың ұясы табылып, арнайы техника күшімен жұмысшылар жоғары көтеріліп балапанды ұясына қайта орналастырды. Ал, ол ұяда осы тектес тағы үш балапан бар екен. Енді шөжелердің қанаты қатайып ұшқанша мекеме жұмысшалырының бақылауында болады. Бірақ балапан басып шығарған күйкентай құстың өзін ешкім әзірге байқамаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров