Ата-анасының көз алдында екі баласы суға батып кетті

Экспресс К

© ЭК

9 және 11 жастағы әпкесі мен інісі жасанды су айдынына батып кеттті, деп хабарлайды "Экспресс К". Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы, Мерген ауылында болған.

Жасанды су айдынына балалар ата-анасымен отбасылық демалысқа барған. Қайтыс болған балалар суға шомылуға кеткен сәтте анасы кішкентай үшінші сәбиіне алаңдап жағада қалған.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, "Анасы баласын емізу үшін жағажайдағы шатырға барған және сол кезде үлкен балаларын ұмытып кеткен. Ол шатырдан шыққан соң ұлы жағада қимылсыз жатқанын көрген. Әкесі баланы шығарып алып, қызын іздеуге тырысқан"

Алайда әкенің бұл әрекеті натиже бермеді. Қызды іздеуге арнайы құтқарушылар тартылды. Олар оны 2 метр тереңдіктен өлі күйінде алып шықты.

Мамандар шұңқырдың шаруашылық қажеттіліктер үшін жасанды түрде қазылғанын және оған жүзуге тыйым салынғанын айтып отыр.

Тік қазылған су астындағы шұңқырға батып кеткен балалар жүзе алмаған. Ал, балардың әкесі сол кезде балалармен бірге болған және оның масаң күйде болғаны анықталып отыр. Айта кету керек ол ер адам баларға өгей әке болып келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров