Ақылы жолдарға жаңа тариф енгізілмейді

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Елдегі ақылы жолдарда 2013 жылғы тариф қолданылып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Қазақ жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары ауыр жүк көліктері үшін "38" деген сан ұсынған болатын.

Министрлік пен салалық ведомство бұл тарифті бекіткен жоқ. Қазір 2013 жылғы тариф қолданылып отыр. Ақылы негіз біртіндеп ақаусыз учаскелерге ғана енгізіледі. Төлемақы мөлшерлері жаңа учаскелерде де сақталады.

деді министр.

Атамқұловтың айтуынша, көрші елдерде ақылы жүйе талайдан бері бар. Ондағы тарифтік мөлшерлемелер Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Мысал ретінде айтар болсақ, Ресейде жүк көліктері бір шақырым үшін 22 теңге төлейді. Германия мен Италияда біздің теңгеге шаққанда бір шақырым үшін төлем 70 теңгені құрайды. Белорусьта ол — 80 теңге

дейді министр.

Оның айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын жүк көлік иелері жаңа учаскелердің ақылы болғанына наразылық білдіріп, шу көтерген. Оларға жағдайды түсіндіріп, басу айтылды. Жалпы, бұл мәселе соңғы екі жыл бойы осы салаға қатысты ведомстволар тарапынан көтеріліп келеді.

"Бұл "жолды пайдаландың ба, ақы төле" деген әділ ұстанымға негізделген. Жол сапасы оны күтіп ұстауға кететін шығындарға тәуелді. Ал жүк көліктері жол сапасына едәуір кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы ондаған транзиттік жүк көліктерінің өтетінін де ескеруіміз керек", — деді министр.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін елде 11 мың мың жол ақылы болады. Биыл 5,8 мың шақырымға төлем енгізу көзделген.

Министрліктің ресми дерегі бойынша, қазір еліміздің ақылы жолдарында тариф жеңіл автомобиль үшін 1 шақырымға — 1 теңге. Ал автобустар үшін отырғызу орындарының санына байланысты бір шақырымға 5-тен 15 теңгеге дейін. Ауыр жүк көлік иелері бір шақырымға 5 теңгеден 25 теңгеге дейін төлейді.

Министрдің айтуынша, жол сапасы оның күтіміне жұмсалатын шығындарға байланысты. Сол үшін жолдарды ақылы ету арқылы оның күтіміне кететін республикалық бюджет шығындары төмендетілмек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров