Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Оскар БЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

"Қару" жедел алдын алу іс-шарасы аясында халықаралық іздеуге берілген екі қылмыскер Қазақстанда ұсталды, - деп хабарлайды "Экспресс-К".

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтанда ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ауыр қылмыс (алаяқтық) жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге берілген Байқоңырдың 33 жастағы тұрғынын ұстаған.

Қылмыскер алаяқтық дерегі бойынша осыған дейін де бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, "Қару" шарасы барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған 29 жастағы Ақтөбе тұрғынын ұстады.

Қылмыскер Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша мемлекетаралық іздестіруде болды. Ол Қызылорда темір жол вокзалы маңында ұсталып, уақытша ұстау қапасына қамалды

делінген хабарламада.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров