"Алтын ордадағы" жыр болған жол айырығы құрылысы биыл аяқталады

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Президенттің өзі сынға алған Алматыдағы "Алтын орда" базарының жанындағы көпір құрылысы осы жылдың аяғында бітеді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИД министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды "Экспресс К".

— "Алтын орда" базарына келер болсақ, біз биыл барлық жұмыстарды аяқтаймыз деп отырмыз. Яғни, мердігер компания жұмыстарды аяқтайды. Жалпы жұмыстар бітіп қалды. Үш жаяу жүргіншілер жолы жасалды. Жолақтар кеңейтіліп жатыр. Қазір тағы екі жолақ қостық. Тек қана эстакаданың жұмысы қалды, — деді ведомство басшысы.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Сонымен қатар министр құрылысты бастаған мердігер компания ауысқанын, жаңа дан келгендер жұмысты аяқтауды қолға алып жатқанын да атап өтті.

Ол жерге жаңа мердігерді қойдық. Көктемде мемлекет басшысының тарапынан сыни пікірлер айтылған болатын. Сол себепті 2017 жылдан бері құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігермен біздің Ұлттық компания барлық келісім-шарттардың күшін жойды. Қазір басқа жаңа компания жұмыс істеп жатыр. Жоспарымыз бойынша жылдың аяғына дейін жұмыстарды аяқтаймыз. Шамамен қазан айында бітеді деп топшылап отырмыз, — деді министр.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының осы жылғы көктемде Алматыға жасаған сапарында мерзімі созылып кеткен жол айрығының құрылысына байланысты Үкіметке, Алматы қаласы мен облысының әкімдеріне сын ескертпе айтқан болатын.

Онда президент үкімет басшысына:

Алматы және Алматы облысының әкімдерімен бірлесе отырып, Райымбек Алматы учаскесінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын, — деген еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров