Сырттан цемент әкелуге рұқсат берілуі мүмкін

Диас АЛТАЙ

pxhere

Елімізге сырттан цемент тасымалдауға салынған тиым алынып тасталуы мүмкін деп хабарлайды «Экспресс К».

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өзге елдерден цемент әкелуге тиым салу туралы бұйырқты қайта қарап жатыр. Бұл бұйрық отандық кәсіпорындарды қолдау және жүктемесін арттыру үшін 6 айға енгізілген болатын"- дейді аталмыш ведомстваның баспасөз қызметі.

Қазір құрылыс материалдарына деген бағаның негізсіз өсуі және тауар өндірушілердің өзара сөзбайласуын болдырмау үшін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне арнайы хат жолданған. Сондықтан министрлік ірі құрылыс компанияларына цемент шығаратын зауыттармен тікелей жұмыс істеуге кеңес беруде. Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов арматура , цемент сияқты құрылыс материаладырының құны кей елдерде 70 пайызға дейін қымбаттап кеткенін айтқан.

-"Біздегі 12 цемент зауыты жылына 15 миллион тонна өнім өндіреді. Ал ішкі нарыққа 9,5 миллион тонна цемент керек. Өндірушілер бағаны 5 пайызға өсірген. Бірақ алып-сатарлар мен делдалдардың арқасында цементтің құны шарықтап кетті. Егер бағаны қолдан өсіргені анықталса, үшінші елдерден елімізге цемент тасымалдауға болатын бұйрық шығарамыз. Осылайша нарықта цементке деген ұсынысты көбейтіп, бағаны тұрақтандыруға тырысамыз"-деді Бейбіт Атамқұлов. Қазір цементтің бір тоннасы зауытта 21-22 мың теңге көлемінде сатылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров