Томирис Байсафаның анасы сот туралы: «Тозақтан шыққандай боламын»

Экспресс К

instagram / ahmetova_zhanna

Мәскеуде қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты сот өткізіліп жатыр. Айыптаушы орындығында – Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Межидов.

Марқұмның анасы Жанна Ахметова осы сот барысы жайында Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Ол соттың өте қиын жағдайда өтіп жатқанын айтқан. Жәй сот емес, алқа билер соты болған тіпті ауыр екен дейді Жанна.

Ол жерден үнемі тозақтан шыққандай болып шығамын. Мұндайды ешкімге, ешқашан да тілемес едім... Тергеушілер бәрін дәлелдеп қойған деп ойлап жүрсем, олай емес екен.

деп жазыпты Ж.Ахметова.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курсының үздік студенті Томирис Байсафа төртінші қабаттың терезесінен белгісіз жағдайда құлап кеткен еді. Содан ауруханада жатып, 3 мамырда қайтыс болды.

Томиристі өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Межидов ұсталды. Ал Тергеу комитеті оның алдында "Өз-өзін өлтіруге итермелеу" бабы бойынша іс қозғаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров