ШҚО полицейлері жарты тоннадан астам есірткі тәркіледі

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

ШҚО полицейлері жарты тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі, — деп хабарлайды "Экспресс К" Polisia.kz сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында "Қарасора-2021" жедел алдын алу шарасы басталды.

Бұл шара жыл сайын 1 маусымнан бастап бүкіл республика аумағында өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты — есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, республиканың оңтүстік өңірлерінің аумақтарында өсетін жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарының жолын кесу.

Бұл жаз-күз мезгілінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер, атап айтқанда тетрогидроканнабинол, яғни марихуана, гашиш жасалынған қарасора өсіп-өнетін уақыт.

Операцияны жүргізудің тағы бір мақсаты — ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және ҚР ӘҚБтК-нің 420-бабына сәйкес жабайы сораны жоюға бағытталған шараларды қабылдамау фактілерін анықтау.

Оңтүстік өңірлерден жабайы өсетін сораны және басқа да психотроптық, есірткі заттарын шығару арналарын жабу үшін ШҚО аумағында төрт жедел-мобильді топ құрылды. Жыл басынан бері ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 638 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Бес ай көлемінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 120 факт анықталды, оның ішінде 91-і сату мақсатында екені анықталды, — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

"Қарасора-2021" жедел алдын алу шарасы 30 қазанға дейін жалғасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров