Қарағандыда студентке екі түрлі вакцина салып жіберген

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қарағандыда екпе орталықтарында әр вакцина үшін жеке кабинеттер ашылатын болды деп хабарлайды «Экспресс-К». Себебі ақ халаттылар алғашында Hayat-Vax алған студентке Спутник-V-дің екінші компонентін шатасып салып жіберген.

Он тоғыз жастағы бойжеткен вакцинаның екінші компонентін алуға әкпесімен бірге барған екен. Сіңлісі екпеге кіріп шыққаннан кейін өзіне салайын деп жатқаны Спутник V екенін байқаған. Оған дейін екеуі де Hayat-Vax-ты алған. Анықтай келе студентке екінші компонентті Спутник V вакцинасынан салғаны әшкере болды. Қазір оның денсаулығы бірқалыпты. Ол екпені Санкт-Петерборға оқуға барарда кедергілер туындамасы үшін өз еркімен салдырыпты. Енді бұл қыз күн сайын өзінің денсаулығы жайында дәрігерлерді хабардар қылып отыруы шарт. Ал компонеттерді шатастырған медбике тәртіптік жазаға тартылған.

"Қателік жіберген қызметкерге тәртіптік жаза қолдандық. Ол екпе жұмыстарынан шеттетілді. Енді вакцинаның әр түріне жеке кабинеттер белгіленді. Ал екі түрлі вакцинаның компонеттерін алған Қарағанды қаласының тұрғыны біздің ерекше бақылауымызға алынды. Тіпті бұл жөнінде республикалық дәрігерлер консилиумын өткізуді жоспарлап отырмыз" — деді Қарағанды қалалық №1 емхана директорының орынбасары Ирина Кузнецова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров