Алматы
Асхат Аймағамбетов көңіл айтты


instagram.com / ibragimovmerey
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қайтыс болған мұғалім Мерей Ибрагимовтың отбасына барды, деп хабарлайды «Экспресс К»
Ол марқұмның туған-туыстары мен ет жақындарына көңіл айтты. Министр сөзінде 26 жастағы педагогтің ата-анасына ержүрек және батыр ер азаматты тәрбиелегені үшін алғыс айтты.
Еске сала кетейік 29 мамырда Шарын шатқалында сел тасқыны болып, салдарынан бір мұғалім мен 5-сыныптың бір оқушысы қайтыс болды. Жас мұғалім табиғат апатынан оқушыларды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды.
Оның ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Мерей Ибрагимовты "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.
Бөлісу