COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 390376, ЖАЗЫЛҒАНДАР 362018, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4007


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 385 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 1 мың 319 Сovid-19 оқиғасы анықталды.
Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19-дың барлығы 390 мың 376 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 272,
Алматы қаласында — 203,
Шымкент қаласында — 54,
Ақмола облысында — 76,
Ақтөбе облысында — 41,
Алматы облысында — 65,
Атырау облысында — 72,
Шығыс Қазақстан облысында — 85,
Жамбыл облысында — 17,
Батыс Қазақстан облысында — 95,
Қарағанды облысында — 205,
Қостанай облысында — 39,
Қызылорда облысында — 8,
Маңғыстау облысында — 46,
Павлодар облысында — 63,
Солтүстік Қазақстан облысында — 26,
Түркістан облысында — 18.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 362 мың 018 адам қалпына келді, оның ішінде соңғы тәулікте 2 мың 575 адам.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 55 мың 477 жағдайы тіркелді, КВИ — ден 3 мың 376 адам қайтыс болды.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекциядан (КВИ+) 4 мың 007 адам қайтыс болды, оның ішінде соңғы тәулікте — 15 адам.
3 маусымдағы жағдай бойынша 24 мың 995 адам коронавирустық инфекциядан емдеуді жалғастыруда, оның 24 мың 351-і оң ПТР — тестімен (КВИ+) және 644-і теріс (КВИ -), 9 мың 468 пациент стационарларда, 15 мың 527-і амбулаториялық емделуде.
"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 589 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 128, ӨЖЖ аппаратында — 83", — деп көрсетіледі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.