Ислам Далаев қайтыс болды

Экспресс К

instagram.com / prosports_kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ислам Далаев 28 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды «Экспресс К».

Футбол мансабында Станислав Лунин деген атаққа ие болған танымал спортшының жүрегі тоқтап қалды, деп жазады Prosports.kz.

Далаев спорттағы алғашқы қадамын Өскеменнің "Восток" клубында бастады, кейін қарағандылық "Шахтер", Алматының "Қайрат" және Павлодардың "Ертіс" клубының сапында ойнады.

Спортшы былтыр денсаулығы сыр бере бастағанын, сол үшін спорттан кетуге шешім қабылдаған болатын. Спорттық мансабын аяқтағаннан соң туған жері Өскеменде жеке кәсіппен айналысатынын айтқан еді.

"Экспресс К" ұжымы Ислам Далаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров