Ауласына есірткі еккен Қызылорлалық ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

2-маусым күні Қызылорда облыстық ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2021" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда қаласының тұрғыны сора өсімдігін еккендігін анықтады-деп хабарлайды "Экспресс К" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында күдікті өз үйінің ауласында 21 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді егіп-өсірген.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Тағайындалған сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес анықталған шөп — 21 түп сора өсімдігіне жататындығы белгілі болды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров