Марихуана өсірген, пәтерде тіпті фитозертхана болған

Экспресс К

Pixabay

Құрамында есірткі тектес заттар бар өсімдіктерді өсіру фактісі анықталды.

Петропавлдық тұрғынның пәтерінен 20 түп марихуана және фитозертхана жабдықтары алынды, деп хабарлайды "Экспресс К"

46 жастағы қала тұрғыны пәтерінде 20 түп марихуана өсірген. Сонымен бірге фитолампалар, климатты бақылайтын құрылғы және "фитозертхананың" басқа да жабдықтары алынды.

Марихуананы гүл егетін құмыраларда өсірген. Күдіктінің айтуынша, "үйдегі өндірісті" өзі қолдану үшін жасаған. Қазір қылмыстық кодекстің 296 және 300-ші бабы — есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу және құрамында есiрткi заттары бар, тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, құрамында каннабис тектес есірткі заттары бар өсімдік екені анықталды. Тамырларымен бірге жалпы салмағы 5,650 келі, бұл ірі көлем болып есептеледі.

Айта кету керек, құрамында есірткі тектес заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі, яғни 5 миллион 834 мың теңге айыппұл салу қарастырылған. Болмаса екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Жыл басынан СҚО аумағында 114,5 кг астам түрлі есірткі заттары алынды, оның 1 кг 429 гр. синтетикалық есірткі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров