«Қызыл» аймақта тек Елорда мен Қарағанды облысы

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Пандемияның таралуы бойынша тәуекелі жоғары «қызыл» аймақта еліміздің астанасы Нұр – Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы қалып отыр.

3 — маусымда Ақмола облысы "сары" аймақтар қатарына қосылды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының хабарлауынша Солтүстік Қазақстан облысы "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа ауысты. "Сары аймақта" Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары қалды. Қалған өңірлер тегіс "жасыл" аймақта. Осылайша еліміз жалпы жағдайда "сары" аймақта орналасып отыр.

Айта кету керек, елде пандемия басталғаннан бері 390 мың 376 Сovid-19 оқиғасы расталды, оның 1 мың 385 — і соңғы тәулікте.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров