Қазақ майдангері туралы фильм түсіріліп жатыр (видео)

Экспресс К

© Инга МАКСИМОВИЧ

Кинотуынды соғыс ардагері, ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Әди Шаріповтың майданда басынан өткізген шынайы оқиғаларынан құралған.

Қазақтың батыр әрі, батыл ұлын Кеңес партизандары "Сашка-казах" деп атаған. Ал, неміс билігі қазақ баласының жауынгерлік әдіс-айласынан үрейленіп, оның басы үшін ірі сыйақы тағайындаған.

Беларусь даласында түсіріліп жатқан фильм "41-жылдың жазы" деп аталады. Фильмнің басты кейіпкері Әди Шаріпов Ұлы отан соғысында Беларусь ормандарында 28 ай партизан болған. Отандық киноны қолдау орталығының көмегімен қолға алынған фильм қазір 17 маманның қатысуымен түсіріп жатыр. Фильм режиссері — Бекболат Шекеров. Шығармашылық топ фильмді түсіру сәтінен әлеуметтік желілерде аракідік видеолар жариялап, ақпараттармен бөлісіп отырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров