Айыпты қыз қайтадан түрмеге қамалды

Оскар БЕК

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қылмыстың куәгері болғанымен, оны полицияға жария етпегені үшін жаза арқалаған Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге ауыстырылды.

Бұл туралы ол Sputnik Қазақстанға сұхбат берген.

"Мен Денис Теннің ісі бойынша қылмысты біле тұра айтпағаным үшін отырмын. Сол үшін маған 4 жыл жазамды жалпы колонияда өтеуге берген болатын. Бірінші рет сұхбат беріп жатырмын. Бұған дейін сұхбат беруден бас тартып келдім. Бұл жолы бергім келіп жатыр. Себебі мені бір рет емес, бірнеше рет осы жерге қайтарып отыр", — деді Толыбаева.

Заң бойынша негізінен сотталған айыпты жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтегеннен кейін қалған бөлігін жазаның едәуір жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа өтініш білдіре алады. Толыбаева осы құқығын 2019 жылы пайдаланды. Алайда арада бір жыл өтпей сот бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарды,.

Ол қазір баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Толыбаева бұл жайтқа сот алқасы кінәлі деген пікірде.

"Олар дәл уақытында марқұмның туыстарына менің сотқа өтініш жолдағаным туралы ешқандай ескерту жібермеген. Бір жыл үш айдан кейін қайтадан келіп отырмын. Бір жыл болған кезде бүкіл сайт "Толыбаева бостандыққа шықты, бір жыл болды" деп жаза бастады. Оған дейін ешкім ештеңе жазған жоқ болатын", — деді Толыбаева.

© Sputnik / Тимур БАТЫРШИН
© Sputnik / Тимур БАТЫРШИН

Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылардың қолынан қаза тапқан еді. Сот 2019 жылдың басында Денис Теннің өліміне қатысты үш айыпталушыға үкім шығарды.

Арман Құдайбергенов Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық", 192-бабы "Қарақшылық" және 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Ал Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жанар Толыбаева 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болған еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров