Полицияны дүрліктірген шаруа иесі жазасыз қалмайды

Диас АЛТАЙ

ПД баспасөз қызметі

"Бір үйір жылқым жоғалды!",- деп полицияны дүрліктірді. Артынша табынды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Шығыс Қазақстан облысында бір үйір жылқыны іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды деп хабарлайды "Эксрпесс К" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлан ауданындағы шаруа-қожалығының қызметкері жайылымда жүрген 40 бас жылқының жоғалғанын айтып тәртіп сақшыларына шағымданған. Полиция ұрыларды ұстау үшін көлік жолдарын жауып, ет сататын орындарды түгел бақылауға алыпты. Тіпті көкке дрон мен тікұшақ та көтерілген. Алайда аумақты төбеден бақылау кезінде жоғалған жылқылар әдеттегі жайылымынан алыстау жерден табылды.

Ал, жұмыр тұяқтылардың иесі малды қараусыз жібергенін мойындаған. Сондықтан бір үйір жылқым ұрланды деп полицияны дүрліктіргені үшін енді шаруа-қожалығының басшысы жауап береді. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Ең қызығы жоқ іздеген қожалық иесі осымен 9 рет жауапқа тартылып отыр екен. Ол бұған дейін де төрт түлігін қараусыз қалдырғаны үшін айыппұл арқалаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров