Әкімнің экс-орынбасары: Ұры мен жексұрын деген атақ бар

Диас АЛТАЙ

Әлейметтік желіден

Ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған Қарағанды әкімінің экс-орынбасары сотта соңғы сөзін айтты деп хабарлайды «Экспресс-К».

Жақсылық Шалабеков өзінің ұсталуын жаңсақтық деп, соттан істі объективті түрде шешуді сұрады.

"Маған тағылған айып үшін ішім өртеніп барады. Өз еліне қызмет етуге лайық емес ұры мен жексұрын деген атақ. Барлық еңбек жолым сызылып кетті. Біраз жыл азаматтық құрылыс саласында істедім. Мемлекетке көмек керек кезде әйеліміз бен кәмелетке толмаған баламызды үйде қалдырып, алғашқылардың бірі болып Арыс қаласының тұрғындарына көмектестік. Мұстафин атындағы ауылда сел жүрген кезде жүздеген адам зардап шегіп, үйсіз қалды. Сол кезде құрылыс компаниясы аз уақыттың ішінде зардап шеккендерге ондаған үй салып берді. Әріптестерім қиын жағдайға тап болған адамдардың өтінішіне бей-жай қарамады. Ондай мысалдар көп", — дейді Жақсылық Шалабеков.

Сондай-ақ, экс-шенеунік соттағы соңғы сөзінде қазір өміріндегі қиын кезеңдер өтіп жатқанын, сегіз айдан бері еркін демалып, ойлану мүмкіндігінен айырылғанын айтты.

Еске салайық, Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков 2020 жылы 14 қыркүйек күні ұсталған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров