Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан әуежайы 2022 жылы жабылады

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жөндеу жұмыстары аяқталғанша ұшақтарды Көкшетау және Қарағанды әуежайлары қабылдайды.

2022 жылы "Нұр-Сұлтан" халықаралық әуежайының ұшу және қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп хабарлайды "ЭкспрессК".

Әуежайдың екінші жолағы салынып, арнайы экономикалық аймақ ашылып, темір жол желісі тартылады. Ауқымды өзгеріс екі мақсатты көзделіп отыр. Біріншіден 2023 жылдан бастап еліміздегі атқарылатын рейстер саны мен жолаушы қабылдау жағынан ең үлкен әуежайға айналуы тиіс. Ал, екіншіден алдағы бес жыл көлемінде жүк тасымалын қазіргіден 4 есе арттыру жоспарланып отыр.

Кезең-кезеңге бөліңген жаңғырту жұмыстары 2035 жылға дейін толық жүзеге асырылмақ. Бұл уақытта "Нұр-Сұлтан" әуежайы авиациялық, логистикалық және коммерциялық инфрақұрылымдары барынша дамытылған — аэротрополиске айналуы тиіс. Қазіргі таңда Атланта, Нью-Йорк, Франкфурт, Амстердам және Сингапур әуежайларын аэротрополиске жатқызуға болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров