Қазақстан

Триллион үнемдеп түрмеге түскен Ислам Әбішев бостандыққа шықты

Экспресс К

facebook.com / kazybek.isa

Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев түрмеден босатылды.

Осылай деп сүйіншілеген Парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Экспресс-К"

"Қазір ғана Ислам Әбіштің адвокаты Мәкіш Есқараев хабарласып, сүйінші сұрады. Триллион үнемдеп жүріп, түрмеге түскен, жазықсыз жаланың құрбаны болған Ислам Әбіш бүгін соттың үшінші отырысында мерзімінен бұрын шарттты түрде босатылды! Ел үшін еңбек еткен Ердің бостандыққа шығуы оны қорғап, араша сұраған, "Қазақ үні" ұлттық порталында Президентке жазылған Ашық хатқа қол қойған 200 мыңдай адамның, халықтың қуанышы! Халық үніне құлақ асатын, еститін үкімет дегеннің басы шығар бұл!" — деп жазды халық қалаулысы.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев 2019 жылдың наурыз айында қамауға алынды. Оған аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылған болатын.

Жазасын өтеп жатқан Ислам Әбішевтің ауыр халде ауруханаға жеткізілгені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеше айтылған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров