Ақмола облысы

Ақмола облысында миналар табылды

Диас АЛТАЙ

ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысындағы Державинск маңындағы ракета шахтасынан танкіге қарсы қолданылатын 4 мина табылды деп хабарлайды «Экспресс К».

Мұнда отыз жыл бұрын Ресейдің 38 ші баллистикалық зымыран дивизиясы орналасқан. Жылдар бойы жер астында жатқан цилиндр тектес жарылғыш зат әлі де қауіпті болып шықты.

Сондықтан 4 минаның екеуін сол жерде жаруға тура келді. Өйткені, олардың жарғыш құралдары сол қалпы сақталыпты. Цилиндр формалы миналарды зымыран дивизиясының шахталарын жауып, тегістеп жатқан жергілікті коммуналдық шаруашылық жұмысшылары тауып алған. Абырой болғанда, топырақтың астында жатқан жарылғыш затты ешкім аяқпен басып, техника жаншып кетпеген. Дереу полиция шақырып, табылған темір-терсек танкіге қарсы қолданылатын мина екені анықталды. Қазір мұндағы жұмыс тоқтатылып, тосын сыйға толы аумақты арнайы мамандар тексеріп жатыр. Өйткені бұрынғы "Степное" әскери кенті маңында тағы да осындай қару-жарақ жатуы әбден мүмкін.

-"4 дана мина жер астында жатып, әбден тозып, тот басқан екен.Дегенмен, екеуі кез-келген уақытта жарылып кетуі мүмкін еді. Оларды тасымалдау мүмкін болмағандықтан жаруға тура келді. Қалған екеуі сараптамаға жіберілді"-деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров